header-kz
04Март

Аудандық Әбіш оқуларының қорытындысы туралы Об итогах районных Абишевских чтений

Аудандық Әбіш оқуларының
қорытындысы туралы


2024 жылдың 4 наурызында Әбіш оқулары байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқауға ауданның 5 мектебінен барлығы 11 оқушы қатысты.
Байқаудың мақсаты: мектеп  оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
    Байқау төрт номинация бойынша өткізілді: Әбіш Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу; Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу; Шығармашылық жұмыс.Әбіш Кекілбаевтың  шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы; Әбіш Кекілбаевтың  шығармаларынан  сахналық қойылым.
    Байқау қорытындысы бойынша «Әбіш Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу» номинациясы бойынша Бас жүлдені Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 9-сынып оқушысы Серікболатова Адия (педагог: Паней С.) жеңіп алды, 1 орынға Шандақ НОМ 9 сынып оқушысы Осипова Маргарита (педагог: Ибраимова М.А.), 2 орынға Владыкин НОМ 9 сынып оқушысы Канунова Анастасия (педагог: Мұқанова Б.М.), 3 орынға Успенов ЖББМ 9 сынып оқушысы Зайцева Вероника (педагог: Тиловай Э.) ие болды.
«Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан)  мәнерлеп оқу» номинациясында 1 орынды Успенов ЖББМ 8 сынып оқушысы Жанболат Гүлсұм (педагог: Тиловай Э.), 2 орынды Успенов ЖББМ 8 сынып оқушысы Хуанышбек Бақытгүл (педагог:Ховлан В.) және Костряков ЖББМ 8 сынып оқушысы Ружьева Анастасия (педагог: Балкина А.А.) иеленді.
«Шығармашылық жұмыс.Әбіш Кекілбаевтың  шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы» номинациясы бойынша 1 орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 10-сынып оқушысы Талғатұлы Ақарыс (педагог: Паней С.) иеленді, 2 орынды Успенов ЖББМ 9-сынып оқушысы Тилекберген Арайлым (педагог:Тиловай Э.) иеленді
«Әбіш Кекілбаевтың  шығармаларынан  сахналық қойылым» номинациясы бойынша Успенов ЖББМ командасы 1 орынды, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ командасы 2 орын алды.
Аудандық іс-шараның барлық қатысушылары грамоталармен марапатталды.
Оқушылар мен педагогтарды байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз!!!

Screenshot 70

01Март

Жарқын болашақ

7-11 сынып оқушылары үшін
қазақ тілі бойынша "Жарқын болашақ"
Республикалық олимпиадасының
облыстық кезеңіне қатысудың
қорытындысы туралы

2024 жылдың 26 ақпанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ 7-11сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен "Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Біздің ауданымыздан Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне келесі білім алушылар қатысты: Успенов ЖББМ 9-сынып оқушысы Ерден Ақерке, Успенов ЖББМ 10-сынып оқушысы Шугайып Аяулым,Успенов ЖББМ 9-сынып оқушысы Тилекберген Арайлым, М. Мәметова атындағы ЖББМ 8-сынып оқушысы Алекперова Ясмин, Успенов ЖББМ 9-сынып оқушысы Хуаныш Перизат.
Олимпиада қорытындысы бойынша Успенов ЖББМ 10-сынып оқушысы Шугайып Аяулым III орынға ие болды (педагог: Ховлан В), олимпиаданың қалған қатысушылары қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Білім алушылар мен мұғалімдерге қатысқандары үшін алғыс білдіреміз, оқуда табыс және конкурстарда одан әрі жеңістер тілейміз!
Итоги областного этапа
Республиканской олимпиады
по казахскому языку «Жарқын болашақ»
среди обучающихся 7-11 классов

bI6or7BoSIU

<<  2 3 4 5 6 [78 9 10 11  >>