Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының жобасы туралы.
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының жобасы Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес келтірілген және педагогтердің алаңдаушылық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ аттестаттау рәсімінен өту кезеңінде олардың денсаулығының сақталуына бағытталған,.
1 қыркүйекке дейін бекітілген жоспар бойынша оқу жылы ішінде педагогты аттестаттаудан өткізу аттестаттау комиссиясы мүшелерінің іс-әрекеттерін және аттестаттау жүргізілетін жағдайларды реттейді, бұл педагогке жоспарланған аттестаттаудан сапалы өтуге мүмкіндік береді.
Ережелердің оңтайлы көрінісі біліктілік санатын ұзарту туралы тармақтар (51-тармақ, 53-тармақ), бұл мұғалімге бұрын берілген біліктілік деңгейін сақтауға көмектеседі, ал болашақта бұл деңгейді қысқа мерзімде жоғарталуға мүмкіндік береді. Зейнеткерлік жастағы мұғалімдер, берілген өтінішке сәйкес, зейнеткерлік жасқа дейін төрт жыл бойы жұмыс істей алады және олар бұрынғы санаттарын сақтайды..
Педагогикалық қоғамдастықтың өтініші ескеріліп, 30 жыл және одан да көп жылдық(48 - тармақ, 90-тармақ) педагогикалық еңбек өтілі бар мұғалімдерПББ тапсырудан босатылады.
Ережелерде кейбір тармақтарқарастырылған, мысалы, алдыңғы ереженің 7-тармағы мен 8-тармағы 10-тармаққа біріктірілген. Аттестаттау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді, комиссия құрамына міндетті түрде үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдары енгізіледі, бұл аттестатталатын педагог қызметкердің, басшының және басшының орынбасарыныңалаңдаушылығын азайтатыны сөзсіз (7-тармақ).
Филиал төрағасы: Н. Аслиева