Ақын І.Жансүгіровтың 130-жылдығына арналған
"Қазақ поэзиясының Құлагері"
облыстық әдеби-поэзиялық байқауының
қорытындысы туралы
2024 жылдың 08 ақпанында ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушыларына ақын Ілияс Жансүгіровтың 130-жылдығына арналған "Қазақ поэзиясының Құлагері" атты облыстық әдеби-поэзиялық байқауы өтті. Байқауға барлығы 16 аудан мен Арқалық, Рудный қалаларынан 56 оқушы қатысты.
Байқаудың облыстық кезеңіне біздің ауданнан келесі білім алушылар қатысты: "Сөз өнерінің шебері-Ілияс Жансүгіров" номинациясы бойынша Абай атындағы ЖББМ 10-сынып оқушысы Гулиева Гюнай (педагог: Калиева Г.К.), "Ілияс Жансүгіровке арнау" номинациясы бойынша Кенарал ЖББМ 9-сынып оқушысы Рахметова Милана (педагог: Запорожану О.Л.)
Біздің білім алушылар конкурсқа қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
Білім алушылар мен мұғалімдерге қатысқандары үшін алғыс білдіреміз, оқуда табыс және конкурста одан әрі жеңістер тілейміз!