header-kz

художественно-эстетические

22Ноябрь

"Менің жобам-Менің елім" республикалық қашықтық байқауының аудандық кезеңінің қорытындысы Итоги районного этапа Республиканского дистанционного конкурса «Мой проект-моей стране»

 
2023 жылғы 20 қазан мен 2023 жылғы 20 қараша аралығында Тәуелсіздік күніне арналған мектеп парламентінің мүшелері арасында балалардың әлеуметтік және құқықтық құзыреттерін дамыту бойынша үздік тәжірибелер мен тетіктерді ілгерілету және тарату мақсатында "Менің жобам-Менің елім" республикалық қашықтық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия 2023 жылғы 20 қарашада "Менің жобам-Менің Отаным" және "Эко" стиліндегі өмір" номинациялары бойынша үздік жобаларды анықтады. Үздік жобаларды ұсынған білім алушылар Федоров ауданының білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды:
- Церр Рудольф, "Кәсіби компас: болашаққа бағыт" әлеуметтік жобасы, Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы.
- Дюгаева Белитта, "Көшені жарықтандыру үшін күн батареяларымен шамдарды енгізу" жобасы, Кенарал жалпы білім беретін мектебі.
- Канюка Евгения, "Көкөністер жыл сайын" жобасы, Кенарал жалпы білім беретін мектебі.
- Котик Арина "Экопакеттер-Федоров ауылының экологиялық мәселесін шешудегі қадам ретінде» жобасы, М. Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп.
- Утемисова Аида, Қоржынкөл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы.
Жұмыстар республикалық конкурсқа қатысу үшін жіберілді.
Құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік тілейміз!