- Комментариев нет
Аудандық Әбіш оқуларының
қорытындысы туралы
2024 жылдың 4 наурызында Әбіш оқулары байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқауға ауданның 5 мектебінен барлығы 11 оқушы қатысты.
Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Байқау төрт номинация бойынша өткізілді: Әбіш Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу; Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу; Шығармашылық жұмыс.Әбіш Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы; Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым.
Байқау қорытындысы бойынша «Әбіш Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу» номинациясы бойынша Бас жүлдені Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 9-сынып оқушысы Серікболатова Адия (педагог: Паней С.) жеңіп алды, 1 орынға Шандақ НОМ 9 сынып оқушысы Осипова Маргарита (педагог: Ибраимова М.А.), 2 орынға Владыкин НОМ 9 сынып оқушысы Канунова Анастасия (педагог: Мұқанова Б.М.), 3 орынға Успенов ЖББМ 9 сынып оқушысы Зайцева Вероника (педагог: Тиловай Э.) ие болды.
«Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу» номинациясында 1 орынды Успенов ЖББМ 8 сынып оқушысы Жанболат Гүлсұм (педагог: Тиловай Э.), 2 орынды Успенов ЖББМ 8 сынып оқушысы Хуанышбек Бақытгүл (педагог:Ховлан В.) және Костряков ЖББМ 8 сынып оқушысы Ружьева Анастасия (педагог: Балкина А.А.) иеленді.
«Шығармашылық жұмыс.Әбіш Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы» номинациясы бойынша 1 орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 10-сынып оқушысы Талғатұлы Ақарыс (педагог: Паней С.) иеленді, 2 орынды Успенов ЖББМ 9-сынып оқушысы Тилекберген Арайлым (педагог:Тиловай Э.) иеленді
«Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым» номинациясы бойынша Успенов ЖББМ командасы 1 орынды, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ командасы 2 орын алды.
Аудандық іс-шараның барлық қатысушылары грамоталармен марапатталды.
Оқушылар мен педагогтарды байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз!!!
Добавить комментарий
Авторизуйтесь для комментирования
Комментировать как гость