Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығымен бекітілген "Орта білім берудің үздік ұйымы" грантын тағайындау конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес ҚОӘББ "Федоров ауданының білім бөлімі" ММ 2023 жылғы 29 сәуірде сағат 12:00-де Федоров ауылы, Набережная көшесі 65 (акт залы) мекенжайы бойынша "Орта білім берудің үздік ұйымы" грантын беруге арналған конкурстың I кезеңін (аудандық) өткізеді.
Конкурсты өткізу тәртібі: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығымен бекітілген гранттың мөлшері мен оны беру тәртібін белгілей отырып, "Орта білім берудің үздік ұйымы" грантын беру конкурсын өткізу қағидаларының 2-тарауына сәйкес
Құжаттарды қабылдау жүргізіледі: 2023 жылғы 27 сәуірге дейін Федоров ауылы, Набережная көшесі 65 мекенжайы бойынша.