header-kz
16Январь

Жансугуровские и Макатаевские

2024 жылдың 15 қаңтарында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық Жансүгіров және Мақатаев оқулары өткізілді. Байқауға барлығы 14 мектеп оқушылары қатысты.
Мақсаты: жалпы білім беретін мектеп окушылары арасында Ілияс Жансүгіров пен Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау; жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылык қабілеттерін, эстетикалык талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау.
Аудандық Жансүгіров оқулары үш номинация бойынша өткізілді: "Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері", "Ұлы тұлғаға арнау", "Ілияс-сөз шебері".
Байқау қорытындысы бойынша "Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері" номинациясы бойынша 1 орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 10-сынып оқушысы Елтабар Жаңыл (педагог: Паней С.), 2 орынды Успенов ЖББМ 9-сынып оқушысы Ерден Ақерке(педагог: Тиловай Э.) иеленді. "Ұлы тұлғаға арнау" номинациясында 1 орынды Успенов ЖББМ 8-сынып оқушысы Талант Гүлназ (педагог:Ховлан В.), 2 орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 8-сынып оқушысы Талғатбекқызы Еңлік (педагог: Әжіхан Е.Қ.) иеленді. "Ілияс - сөз шебері" номинациясы бойынша 1 орынды Успенов ЖББМ 8-сынып оқушысы Шугайып Жалғас иеленді(педагог: Ховлан В.)
Аудандық Мақатаев оқулары үш номинация бойынша өткізілді: "Айтып өткен ақында арман бар ма?", "Жыр эстафетасы", " Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...»
Байқау қорытындысы бойынша "Айтып өткен ақында арман бар ма?" номинациясы бойынша 1 орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 10-сынып оқушысы Шынуар Назым иеленді (педагог: Паней С.), 2 орынды Успенов ЖББМ 9-сынып оқушысы Шугайып Аяулым (педагог: Ховлан В.) және Успенов ЖББМ 8-сынып оқушысы Жанболат Гүлсұм(педагог: Ховлан В.), 3 орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 11-сынып оқушысы Алдаберген Данияр(педагог: Паней С.) және Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 8-сынып оқушысы Манарбек Аяулым иеленді(педагог: Әжіхан Е.Қ.).
Іс-шараның барлық қатысушылары мадақтамалармен марапатталды. Оқушылар мен педагогтарды байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз!!!

15Январь

15

 

2024 жылдың 13 қаңтарында «Атлет» стадионында жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай мектепішілік шаңғы эстафетасы лигасының облыстық кезеңі өтті. Федоров ауданындағы білім беру ұйымдарынан 5-11 сыныптардан 168 оқушы қатысты.

 

             Тартысты додада әртүрлі жас санаттары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Баннов ЖББМ,Абай атындағы ЖББМ, Кенарал ЖББМ, Пешков ЖББМ,М.Мәметов атындағы ЖББМ, Коржынкол ЖББМ, Костряков ЖББМ аталды

 

Командалар Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің грамоталарымен марапатталды.

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

asdzxczaweasdzxcxsdfsdzczxБез fsdsdfds

<<  10 11 12 13 14 [1516 17 18 19  >>