header-kz
22Декабрь

9-11 сыныптар арасындағы аудандық олимпиаданың қорытындысы. Итоги районной олимпиады среди 9-11 классов.

9-11 сыныптар арасындағы аудандық олимпиаданың қорытындысы.

2023 жылғы 19-20 желтоқсанда Абай атындағы мектеп базасында 9-11 сыныптар арасында Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті, оған ауданның 17 мектебінен 75 оқушы қатысты. Бірінші күні ЖМБ пәндері бойынша қатысушылар - 32 білім алушы, ал ҚГБ пәндері бойынша – 43 қатысушы білім беріктігінде жарысты. Олимпиада қорытындысы мен аудандық қазылар алқасының шешімі бойынша 41 білім алушы жүлдегер атанды. Облыстық кезеңге үздік 14 қатысушы жіберіледі:

-Гулиева Гюнай, Абай атындағы мектеп, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, мұғалім Калиева Г. К.;

-Лясота Оксана, Первомай мектебі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, мұғалім Убыкина Д.К.;

- Алдабергенулы Данияр, Ы Алтынсарин атындағы мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті, мұғалім Паней Сулушаш;

- Налгиева Анастасия, Абай атындағы мектеп, орыс тілі мен әдебиеті, мұғалім Левит Т.Б.;

- Дудко Валерия, Абай атындағы мектеп, орыс тілі мен әдебиеті, мұғалім Таставлетова А.У.;

- Кенжибаева Махаббат, Абай атындағы мектеп, Қазақстан тарихы, мұғалім Панкрац В.И.;

- Гагина Евгения, М. Мәметова атындағы мектеп, Қазақстан тарихы, мұғалім Исабаева А.С.;

- Елтабар Жаңыл, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп, Қазақстан тарихы, мұғалім Ануар Бурлен;

- Тюлегенова Диана, Абай атындағы мектеп, Қазақстан тарихы, мұғалім Лымарь А.А.;

-Кенжегарина Аида, Абай атындағы мектеп, ағылшын тілі, мұғалім Горжуй Л.Н.;

-Валеев Эмир, Абай атындағы мектеп, ағылшын тілі, мұғалім Горжуй Л.Н.;

-Свиридова Ксения, Абай атындағы мектеп, биология, мұғалім Резник И.С.;

- Костюк Никита, Воронеж мектебі, информатика, мұғалім Кащеев Е.В.;

-Мормулёва Александра, Абай атындағы мектеп, география, мұғалім Альменова С.К.

Барлық жүлдегерлер білім бөлімінің грамоталарымен марапатталады.

Screenshot 5527

22Декабрь

Заманауи ұрпақты ауызекі тілде оқытуда сыни ойлау қабілетін дамыту

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әдістемелік орталығы" КММ жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған "Заманауи ұрпақты ауызекі тілде оқытуда сыни ойлау қабілетін дамыту" тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті.

Облыстық іс-шараға Федоров ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Паней С., Федоров ауданы білім бөлімінің М. Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ердасова А.К. қатысты.
Семинар жұмысында коучингтер, жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша шеберлік сыныптары, креативтілік пен рефлексияны дамыту, коммуникативтілікке тәрбиелеу бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

5e17e01b-fb07-4a9e-b414-b81a434a1d63

<<  14 15 16 17 18 [1920 21 22 23  >>