header-kz
05Декабрь

01.12.2023

01.12.2023 жылы Федоров ауданының өртке қарсы қызмет гарнизоны Федоров ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып түлектерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді.Қазақстан Республикасы Көкшетау қ. ТЖМ АГЗ-на түсу үшін ережелер мен талаптар түсіндірілді. Брошюралар таратылып, бейне ролик пен слайдтар көрсетілді.

Screenshot 24

01Декабрь

"Ұлттық рухани жаңғыру" Ұлттық жобаның қорытындысы Итоги Национального проекта «Ұлттық рухани жаңғыру».

2023 жылғы 30 қарашада Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасына жетекшілік ететін әдіскерлерге арналған «Ұлттық рухани жаңғыру» идеядан тиімді іске асыруға дейін» атты облыстық семинар өткізді.
Облыстық іс-шараға Федоров ауданының білім бөлімінің әдіскері Есмакова К.К. қатысты.
Семинар барысында Білім және қоғамдық даму басқармасының мамандары Қостанай облысында бағдарламаны іске асырылуын қорытындылады.
Семинар соңында қатысушылар әріптестерінің қызметі туралы оң пікірлер мен әсерлермен алмасты. Әдіскерлер білім беру саласын дамытудағы біліктілігі мен кәсібилігі үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

BLIW-p5YotcZ1oVdtZNMrE

<<  19 20 21 22 23 [2425 26 27 28  >>