Елбасы Жолдауының негізгі мақсаттарының бірі-жемқорлықпен күрес.
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.
Елбасы назар аударған мақсаттардың бірі - жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
Елбасы жемқорлықты ұлт қауіпсіздігінің тікелей қаупі деп санайды және мемлекет пен қоғамды онымен бірлесіп күресуге шақырады.
Жемқорлық мемлекет басқарудың тиімділігін төмендеуге әкеп соғады, әлеуметтік-экономикалық дамуын тоқтатады.
Қазақстан тәуелсіздігінің бірінші күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлем стандарттарына сай келетін тиімді механизмдер мен институтарды құруға мақсатты бағытталған және кезең бойынша жұмысты өткізеді.
Елімізде заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бар, бағдарламалық құжаттар қатары жүзеге асырылады, сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік қызмет сферасында кешенді қызметті жүзеге асыратын арнайы орган құрылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сферасында халықаралық қызметтестік жүзеге асырылады.
Заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі тезис: «Біз өзімізді өзгертуіміз керек, модернизация арқылы өзгертілген шарттардан үздігін таңдап алуымыз қажет».
Қоғамдық сананың модернизациясы азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, әдеттер мен стереотиптердің өзгеруінсіз мүмкін емес. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту мен алдын алу арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жүзеге асыру мен оны практикада қолдану механизмнің бірі -жемқорлық тәуекелінің анализі болып табылады. Жемқорлық тәуекелінің сыртқы анализін өткізу - жемқорлық құқықбұзушылықты жасаудың факторын жоюға бағытталған.
Білім бөлімінде және білім беру ұйымдарында басшылар мен қызметкерлер арасында әңгімелесулер, «дөңгелек үстелдер», кеңестер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуге бағытталған тестілеу және басқа түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде өткізіледі.Басты мақсат-жемқорлықтың пайда болуына жағдай мен себептерді жою, адами факторды болдырмау, жемқорлық сфераларын максималды кішірейту, Елбасы Жолдауы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламада белгіленген приоритетерді есептеумен әр мемлекеттік қызметкердің таза қызметін қамтамасыз ету. Өткізілген жұмыстың нәтижесі ретінде соңғы екі жылда білім беру қызметкерлері арасында тіркелген жемқорлық қылмыстарының болмауы болып табылады.
Білім бөлімінде мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар қатаң сақталады, мемлекеттік қызметкер мәртебесімен байланысты шектеулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы және Әдеп кодексі сақталады. Анализді өткізу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы және Әдеп кодексінің нормаларын сақтаумен байланысты тәуекел жағдайлары анықталған жоқ.
2018 жылдың 09 шілдеден 16 шілдеге дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы апталық аясында «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2018 жылдың 10 қазаннан 17 қазанға дейін ауданның білім беру мекемелерінде азматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Бөбекжай-бақшаларындағы тәрбиеленушілер мен бастауыш сынып білім алушылары үшін «Не жақсы, не жаман?», «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Стоп-жемқорлық!» атты суреттер конкурсы мен «Курочка Ряба», «Емелюшка», «Колобок-пара беруші», «Теремок», «Ешкі жемқорлықпен қалай кездесті» атты театрлық қойылымдар өткізілді.
Мектеп білім алушылары үшін «Балаларға жемқорлық туралы және онымен күресудің әдістері», «Жемқорлық туралы не білуіміз керек?», «Ар-намыс бойынша өмір сүру» тақырыптары жөнінде әңгімелесулер мен видеороликтерді қарау ұйымдастырылды.
Педагогикалық ұжым мен қызметкерлер арасында лекциялар өткізіліп, жемқорлыққа қарсы сұрақтар қарастырылды.
«Біз таза қол үшін!» акциясы ұйымдастарылды, акция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар, буклеттер таратылды, дүкендерде парақшалар ілінді.
«Жемқорлыққа жол жоқ!» ақпараттық стендтер жаңартылып, насихаттау парақшалары ілінді. Бұл парақшаларда жемқорлықпен күресу, сонымен қатар жемқорлықтың нысандары туралы, жемқорлықтың қылмыстық жауапкершілігінің нормалары туралы ақпарат берілген.
Сонымен қатар ағарту жұмысы мен тәрбие жұмысына ерекше назар аударылады: балаларды, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздеріне оқыту. Жалпы білім беретін мектептерде «Адал Ұрпақ» клубтары құрылды, яғни, балаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельмен танысудың бірінші қадамы жасалынды. Ауданда 19 «Адал Ұрпақ» клубтары ашылды, клубтар 1746 оқушыны қамтиды, 29 «Парасатты азамат» бұрыштары құрылды.
2017 жылдың наурыз айынан бастап ауданның жалпы білім беретін мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттігінің қолдауымен «Есіктен есікке» бағдарламасы өз жұмысын жүзеге асырды. 2018 жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында білім беру мекемелері мен білім бөлімінде 4016 парақшалар ілінді.
2018 жылдың 10 ай аралығында 26 өтініштер түсті, олардан 2-і заңды тұлғалардан, 24-жеке тұлғалардан. Барлық өтініштер ЭСЭДО базасында тіркеледі, ол база прокуратурамен бақыланады. Жауаптар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» Заңыңда белгіленген мерзімдерге сай ұсынылады.
Білім беру бөлімінің басшысына жеке қабылдауға 18 өтініш түсті, жеке қабылдау барысында ауызша түсіндірулер мен 3 жазбаша түсіндірулер берілді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 10 мектепте (Дмитров атындағы №1 ОМ, №2 ОМ, М.Мәметова атындағы №4 ОМ, Пешков ОМ, Баннов ОМ, Костряков ОМ, Ленин ОМ, Қоржынкөл ОМ, Камышин ОМ, Воронеж ОМ) 203 камера, 10 видео тіркелу, 15 HDD (қатаң диск), 6 монитор орнатылды. Вахтада видео тіркелуге терминалдар орнатылды, олар тәулік бойы видеобақылау камераларының жазылуын жүргізеді.
«Айналайын», «Аленушка», «Қарлығаш», «Балбөбек» бөбекжай-бақшаларында 27 видеобақылау камералары орнатылды
Дмитров атындағы №1 ОМ, №2 ОМ, М.Мәметова атындағы №4 ОМ, Пешков ОМ электронды өту (турникет) орнатылды.
Осылайша, берілген жұмыстың басты нәтижесі-әр қазақстандықтың азаматтық позияциясының бірі болып табылатын жемқорлықты төзбеу мен адалдық болып саналады.
«Федоров ауданы әкімдігінің
білім бөлімі» ММ басшысы
Бектыбаева Д.А.