header-kz
02Февраль

«Азарт.Денсаулық.Демалыс.» отбасылық спартакиаданың қорытындысы Итоги семейной спартакиады «Азарт.Здоровье.Отдых.»

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында облыстық «Азарт.Денсаулық.Демалыс» отбасылық спартакиадасы өткізілді.Спартакиада бағдарламасы келесі іс-шараларды қамтыды: шаңғымен сырғанау, арқанмен өрмелеу, бөренелерді кесу, шегелерді қағу, нысанаға ату. Федоров ауданынан бұл іс-шараға Резник отбасысы қатысты. Ата-аналар: Артем Сергеевич және Инна Сергеевна, сондай-ақ олардың балалары: Элина (8 сынып) және Тимофей (4 сынып). Олар барлық дистанциялардан сәтті өтті, уақытты ескере отырып, тапсырмаларды сапалы орындады. Жарысқа қатысқан 14 команданың ішінен Резниктер отбасы үздік ондыққа кірді. Балалар мен ересектер спартакиадаға қатысуға қуанышты болды, жарысты ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдірді. Отбасы Қостанай қаласындағы Термопаркке екі сағаттық баруға сертификатпен марапатталды. Резник отбасына қатысқаны үшін алғыс айтамыз. Бейбітшілік пен амандық, бақыт пен зор денсаулық тілейміз!

indexWhatsApp Image 2023-02-02 at 17.55.42