header-kz
29Сентябрь

29

"Федоров аудандық білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының ұйымы" филиалының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау үшін, "Қостанай облысының білім және ғылым қызметкерлерінің локальді кәсіптік одағы" ҚБ 15.09.2022 жылғы хатын орындау үшін аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымдары деңгейінде еңбек күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Еңбек ұжымдарында, мерекелік іс – шараларды өткізу шеңберінде, ағымдағы жылдың 26 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, ұзақ жылғы еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапаттады және жалпы сомасы 198 мың теңгеге 92 қызметкерге ақшалай сыйлық табыс етті, оның ішінде: Абай атындағы ЖББМ-18 адам, 39 мың теңге; Пешков ЖББМ. - 13 адам, 30 мың теңге; Баннов ЖББМ. – 5 адам-25 мың теңге; М.Мәметова атындағы ЖББМ- 4 адам – 46 мың теңге; Камышин ЖББМ – 4 адам ,29 мың теңге.

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде "Жастар" мәдениет үйінде аудандық іс-шара өткізіліп, "Еңбек жолы 2022" акциясының қорытындысы шығарылды. Аудан әкімінің орынбасары Валеев Рамиль Гадельзянович залдағы қатысушыларды "Еңбек күнімен" құттықтап, аудан әкімінің грамоталарын және "Үздік еңбек әулеті" номинациясының жеңімпаздарына Самойлова Ирина Геннадьевнаға (Баннов ЖББМ-1орын), "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" номинациясында – Миллер Татьяна Борисовна (Костряковская ЖББМ-1 орын), Бочкарева Валентина Викторовна (Қоржынкөл ЖББМ.- 2 орын), "Өндірістің үздік жас маманы" номинациясында-Нурпеисов Ермек Адылбековичк( Баннов ЖББМ.- 1 орын) және Рейсер Александр Викторович ( Костряков ЖББМ. – 3 орын) естелік сыйлықтар табыс етті. Акция жеңімпаздарын марапаттау үшін филиалдың кәсіподақ жарналары қорынан 37 мың теңге бөлінді. Марапаттау соңында мерекелік концерт өтті.

 

афыавуцйыфвауфцук

 

фцуйцувфывфцуфвфы