- Комментариев нет
Федоров және Қарабалық аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарының кездесуі.
2023 жылдың 28 наурызында ҚОӘББ «Федоров ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Федоров және Қарабалық аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Дарынды балалармен жұмыстағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбы бойынша ҚОӘББ «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сай көшпелі семинар өткізілді. Семинарға жоғары аталған аудандардың 32 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
Көшпелі семинардың жұмысына ҚОӘББ «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Каримова Ақтоты Олжабаевна қатысты.
Семинарға ҚОӘББ «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Республикалық «Үздік педагог-2022» байқауының жеңімпазы Тасанова Гүлмира Мұхаметжанқызы «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.«Төнкерілген сынып» технологиясын сабақта тиімді қолдану жолдары» тақырыбы бойынша өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
«Бренд (дарынды) оқушыларға тренд әдістер мен жұмыс түрлері»тақырыбы бойынша «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №18 мектеп гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сергазина Зейнегүл Джумадиловна шеберлік сынып өткізді.
Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.
Добавить комментарий
Авторизуйтесь для комментирования
Комментировать как гость