Комментарии | Добавить свой
- Комментариев нет
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) "Мемлекеттік қызметшілер күнін" мерекелеу шеңберінде 2023 жылы 11-26 мамыр аралығында жастар, оқушылар мен студенттер арасында "Егер, мен әкім болсам, менің іс-әрекеттерім? (ауыл, аудан, облыстың таңдауы бойынша)" конкурсын өткізеді (бұдан әрі-Конкурс) . Конкурсқа қатысу үшін Сізге қажет: әлеуметтік желілердегі жеке парақшада аталған тақырыпқа хабарлама жазу немесе сюжет түсіру; 2023 жылғы 26 мамырға дейінгі мерзімде хабарламаның сілтемелерін жұмыс авторын және байланыс деректерін көрсете отырыпa.aituarova@kyzmet.gov.kz электрондық поштаға жіберу қажет, конкурс кезеңінде аккаунт ашық болуы тиіс.
Добавить комментарий
Авторизуйтесь для комментирования
Комментировать как гость