- Комментариев нет
24 мамырда Қостанай қаласында "Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында Қостанай облысының "Абай атындағы мектеп" кәсіби желілік қоғамдастығының жиналысы өтті. Қостанай облысында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың есімімен аталатын 8 мектеп бар. Кәсіби желілік қоғамдастықты құрудың басты мақсаты-тәжірибе алмасу, өзара қолдау және мектептер арасында түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық орнату. Біздің ауданнан делегация құрамына Абай атындағы ЖББМ директоры Левит Т. Б., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. В. Криволапов, директордың цифрландыру жөніндегі орынбасары В. И. Панкрац, мектеп парламентінің Президенті Н. Дегенбаев және мектеп парламентінің ақпарат фракциясының жетекшісі Д. Тюлегенова кірді. Кездесу аясында Абай шығармашылығына арналған концерт өтті, онда Н. Дегенбаев пен Д.Тюлегенова "Көзімнің қарасы" вальсін орындады. Сондай-ақ, кездесу барысында кәсіби желілік қоғамдастықтың 2023-2024 оқу жылына арналған жалпы жұмыс жоспары талқыланды. Жемісті және табысты ынтымақтастыққа үміттенеміз!
Добавить комментарий
Авторизуйтесь для комментирования
Комментировать как гость