header-kz
05Февраль

Республиканская акция «Безопасный школьный автобус» 04.02.2020

"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Айтмағамбетовтың тапсырмасын орындау барысында 2020 жылдың 4 ақпанында Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жанындағы жұмыс тобымен "Қауіпсіз мектеп автобусы" акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты-оқушыларды оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Акцияны өткізу кезінде автокөліктің техникалық жағдайы, техникалық байқаудан өткені туралы мәліметтер, жүргізуші куәлігінің болуы, санаты, жүргізу өтілі, автокөліктің қозғалыс сызбасы тексерілді.

Мектепке және үйге қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету кезінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері анықталған жоқ.

wiBHOGJRUBwiAqhArhBzpwsVkau2xRvNQS2aVUVZX9Mk