24 қаңтар күні мектепішілік «Абай ұрпақтары» дебат клубының мүшелері тәжірибеші пікірсайысшымен және «Парасат» ҚРУ дебат клубының төрешісімен кездесті. А.Байтұрсынова, «Тарих» мамандығының 3 курс студенті Әнел Пимичева.
Әнелдің пікірсайыстағы бірқатар маңызды жетістіктері бар:
- «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі» республикалық турнирінің жеңімпазы;
- «QRU CUP - XV» республикалық турнирінің және «Аманат» (бұрынғы Нұр Отан) партиясының ХІХ кубогының облыстық іріктеу турнирінің жүлдегері (3 орын);
- «Аманат» партиясының қолдауымен өткен «Қазақстан – бейбітшілік мекені» облыстық турнирлерінде және «Қортынды турнирі» турнирінде үздік төреші;
- Республикалық және облыстық турнирлердің ұйымдастырушысы.
Клубымыздың пікірсайысшылары үшін ЖЗҚ форматындағы кейс құрылымын байқау және аналитикалық баяндамаларды құрастыру бойынша тренинг өткізілді. Сондай-ақ Әнел өзінің жеке дебат тәжірибесінен қызықты деректермен бөлісті.