- Комментариев нет
2022 жылдың 22 тамызында Жастар сарайында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі облыстық тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Тақырыбы: "Білім берудің басты құндылықтары: тәрбие мен оқытудағы адамгершілік бағдарлар". Ісшара шеңберінде білім беру сапасын дамыту мен қол жетімділікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды, 2021-2022 оқу жылының жұмысы қорытындыланды және жаңа оқу жылына арналған міндеттер айқындалды. Үздік білім қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Білім министрлігінің "ЕҢБЕК АРДАГЕРІ" медалімен Федоров аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Аслиева Надежда Алексеевна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Федоров ауданы білім бөлімінің Мәншүк Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ педагогы Колычева Татьяна Алексеевна марапатталды. Федоров ауданының білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесіңіз үшін рахмет.
Добавить комментарий
Авторизуйтесь для комментирования
Комментировать как гость