header-kz
01Ноябрь

Менің кіші Отаным Моя малая Родина

Жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" республикалық зияткерлік конкурсының қорытындысы туралы.                 2023 жылдың 29 қазан мен 1 қараша аралығында Ақтөбе қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" VI республикалық зияткерлік конкурсы өтті.    Конкурстың мақсаты - туған ел  тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау,  өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ, оқушылардың өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша білімдерін дамыту, өзінің кіші Отанын мақтан тұтуға тәрбиелеу. Республикалық кезеңде еліміздің барлық өнерлерінен 9-10 сыныптардың 88 оқушысы үздік атану үшін сайысты.                                Қостанай облысының атынан Джумадилова Эвелина (Александров ЖББМ, Қостанай ауданы, 10-сынып), Ербатыр Дидар (Арқалық қаласының Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, 10-сынып), Байжанова Ұрқия (Қостанай қаласының #3 мектеп - гимназиясы, 9 - сынып), Гагина Евгения (М. Мәметова атындағы ЖББМ, 10-сынып) сынға түсті.                                              Ербатыр Дидар "Менің кіші Отанымның болашағы" номинациясы бойынша  III орынды иеленді, сондай-ақ Байжанова Ұрқия "Дарын" РҒПО грамотасымен марапатталды.   Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және "Дарын" РҒПО бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталды.

WhatsApp Image 2023-10-31 at 21.53.09WhatsApp Image 2023-10-31 at 21.53.10

30Октябрь

IQanat

Республикалық «IQanat» олимпиадасының аудандық кезеңі .
2023 жылдың 27 қазанда М. Мәметова атындағы мектеп базасында республикалық «IQanat» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың аудандық  кезеңінеге ауданның 16 білім беру ұйымынан       8-сыныптың 93 оқушысы қатысты.
Мектептің педагогикалық ұжымы олимпиадаға қатысушылардың жұмыс істеуіне барлық қолайлы жағдайды жасады. Жоба ерікітілері сыныптардағы бірінші әкімші көмекшілері Марусич Анастасия, Срымбетов Самат, Елтабар Жаңыл, Новак Ксения болды. Олар «IQanat» инновациялық мектебінің оқушысы Шлеттгауэр Виолеттамен бірге олимпиаданың барлық қатысушыларына тренинг өткізді және «IQanat» жобасының арқасында білім алу бақытына ие болған мектеп туралы айтты.

<<  30 31 32 33 34 [3536 37 38 39  >>