header-kz
23Август

қазақ тілі

2023 жылдың 21 тамызында ҚОӘББ "Федоров ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері шығармашылық тобының аудандық отырысы өтті, оған ауданның 24 мектебінен 30 педагог қатысты. Бағдарламаға сәйкес отырыс жұмысында Федоров ауданының білім бөлімінің әдіскері К. К. Есмакова сөз сөйледі.
Отырыста ҚОӘББ"Федоров ауданы білім бөлімінің Воронеж ЖББМ" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдуахитова Г.А. "Квиз технологиясы - білімді табысты игеру көзі" тақырыбы бойынша, ҚОӘББ "Федоров ауданы білім бөлімінің М.Мәметова атындағы ЖББМ" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейбітхан А. «Ерекше білімді қажет ететін оқушылар мен жұмыс барысын жеңілдету» (Инклюзивті білім беруде дамытушы әдістер) тақырыбы бойынша, ҚОӘББ"Федоров ауданы білім бөлімінің Абай атындағы ЖББМ" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтбаева Г.С. "Өзге ұлт балаларына қазақ тілін меңгерудің тиімді әдіс – тәсілдері" тақырыбы бойынша өзінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Шығармашылық топ отырысының қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

9xRpTWTzrqksDzVYHPWgugS7J7gI8vWPM

23Август

НВиТП

Жаңа 2023-2024 оқу жылының басталуы аясында 2023 жылғы 22 тамызда дене шынықтыру оқытушыларының қатысуымен "Мектептегі дене шынықтыру: оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру" тақырыбында дене шынықтыру бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. Дене шынықтыру сабақтарында, жаттығу процесінде және моральдық-еріктік қасиеттерді қалыптастыруда жаңа тәсілдерді қолдану тәжірибесінен Костряков ЖББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мартьянова Наталья Владимировна, Абай атындағы ЖББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ворог Александр Александрович, Костряков ЖББМ дене шынықтыру пәнінің Рейсер Александр Викторович сөз сөйледі.
2023-2024 оқу жылына арналған дене шынықтыру саласындағы негізгі мақсаттар мен міндеттер қойылды.
Орындаушы: білім бөлімінің әдіскері: Рыжков М.В.

Screenshot 45

<<  66 67 68 69 70 [7172 73 74 75  >>