header-kz
05Октябрь

«Ұстаздар күні құтты болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын» «С Днем учителя! С праздником!».


Бүгін, 5 қазанда «Жастар» аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты-биік!» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.
Мәдениет үйінің фойесінде мереке атмосферасы сезіледі: ұстаздар жүзінде күлімсіреу, телефондары туыстары мен достарының құттықтауларынан үзілмейді, әсем әуен естіледі, «Ұстаздық-ұлы қызмет» фотокөрмесі ұйымдастырылған", көрермендер залында «Ұстаздар, Сізге деген үлкен махаббатпен!» атауында видеосюжеттер көрсетілуде.
Ауданның барлық мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен: аудан әкімі Исабаев Тауба Каиржанович, білім бөлімінің басшысы Бектыбаева Динара Абдикаримовна құттықтады.
Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен таңдаған ісіне адалдығы үшін үздік ұстаздар, педагогикалық еңбек ардагерлері аудан әкімінің, «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Федоров ауданының білім бөлімі», «Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Screenshot 7

02Октябрь

Ыбырай оқулары конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы туралы Об итогах районного этапа конкурса Ыбыраевские чтения

2023 жылдыңы 2 қазанында мемлекеттік тілде оқытатын 6-9 сынып оқушылары арасында аудандық Ыбырай оқулары өткізілді
Байқауға барлығы 11 білім алушы қатысты. Байқаудың мақсаты: ағартушы-педагог, ақын-жазушы Ы.Алтынсариннің шығармаларын насихаттау, есімін ұлықтау; Ыбырай шығармашылығы арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту. Білім алушылар Ы.Алтынсариннің шығармаларын мәнерлеп жатқа айтты.
Байқау қорытындысы бойынша 6-7 сыныптар арасында 1 орынды Успенов жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Бахатқызы Нұрсұлу (педагог:Ховлан В.), 2 орынды Успенов жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Большой Айару (педагог: Ховлан В.), 3 орынды Успенов жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Жанболат Жарболсын иеленді (педагог: Тиловай Э.)
Байқау қорытындысы бойынша 8-9 сыныптар арасында Бас жүлдені Успенов жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Шугайып Жалғас (педагог:Ховлан В.), 1-орынды Успенов жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Талант Гүлназ (педагог: Ховлан В.), 2-орынды Успенов жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Жанболат Гүлсұм (педагог:Ховлан В.), 3 орынды Успенов жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Хуанышбек Бақытгүл (педагог:Ховлан В.)., Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушысы Берікқызы Аяулым иеленді (педагог: Паней С.).
Аудандық іс-шараның барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.
Оқушылар мен педагогтарды байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз!!!

<<  42 43 44 45 46 [4748 49 50 51  >>