2019 жылдың 11 сәуір күні білім бөлімінің аясында "Жаз 2019" балалардың жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жобаларын қорғау бойынша семинар өтті.
Барлығы аудан мектептерінен 19 өкіл қатысты.
Білім беру мекемелерімен ағымдағы жылдың жаз мезгілінде өткізілетін іс-шаралар циклі әзірленді. Мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істейтін болады, "Жасыл Ел" қызметі, Қостанай және Нұр-сұлтан қалаларындағы эксурсиялар, туристік жорықтар мен шығулар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, спорт клубтар мен үйірмелер, аула клубтарының қызметі ұйымдастырылады. Аз қамтылған отбасынан шыққан 100 бала "Светофор"лагеріне тегін жолдама алады.
Жазғы демалыстың тәрбиелік бағдарламалары балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға, балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастырудың түрлі нысандары арқылы қызығушылықтары, тілегі мен қажеттіліктерін ескере отырып, олардың мүмкіндіктерін іске асыруға бағытталған.
"Жаз-2019" бағдарламасының әртүрлі жоспарлы шаралары барлық білім беру ұйымдарында білім алушыларды белсенді және қауіпсіз демалысты ұйымдастыруға және сауықтыруға мүмкіндік береді.