header-kz
18Июль

Балалық шақтың мерекесі Праздник детства!

Балалық шақтың мерекесі

Балаларды қорғау күні – кішкентай балдырғандардың қуанышты күні. Бұл мереке 1924 жылы өткен халықаралық конференция өткізілгеннен кейін пайда болды. Жылдың 365 күні балаларды аялап, оларға деген ізгі сүйіспеншілігімізді көрсетеміз. 1 маусым күні барлық жылуымызды сәбилерімізге береміз.

Балалардың мерекесіне арналған іс-шара «Тәуелсіздік» алаңында өткізілді. Мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің Отаным – менің Қазақстаным» атты «Радуга» фестивалінің өткізілуімен ашылды. Концертке Федоров ауданының 16 балабақшасынан өнерпаз балалары қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша 1 дәрежелі дипломмен «Сказка» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері марапатталды. 2 дәрежелі диплом – «Звездочка» бақшасына, 3 дәрежелі диплом – «Балдырған» бақшасына бұйырды. Басқа қатысушылар мадақтамамен және сыйлықтармен марапатталды.

Халықаралық балалар күніне орай Балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері «Үш торай» спектаклін көрсетті.

Аудандық «Жастар» мәдениет үйінде драма үйірмесінің қатысушылары «Балалықты құтқару» атты концерттік бағдарламасымен құттықтады. Алаңда спорттық ойындар, суреттер байқауы, батут ұйымдастырылды.

Кешке отбасылық Зверополис« мультфильмі көрсетілді. Балалар тамаша көңіл күй сезімдерін алды.