01Март

Жарқын болашақ

7-11 сынып оқушылары үшін
қазақ тілі бойынша "Жарқын болашақ"
Республикалық олимпиадасының
облыстық кезеңіне қатысудың
қорытындысы туралы

2024 жылдың 26 ақпанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ 7-11сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен "Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Біздің ауданымыздан Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне келесі білім алушылар қатысты: Успенов ЖББМ 9-сынып оқушысы Ерден Ақерке, Успенов ЖББМ 10-сынып оқушысы Шугайып Аяулым,Успенов ЖББМ 9-сынып оқушысы Тилекберген Арайлым, М. Мәметова атындағы ЖББМ 8-сынып оқушысы Алекперова Ясмин, Успенов ЖББМ 9-сынып оқушысы Хуаныш Перизат.
Олимпиада қорытындысы бойынша Успенов ЖББМ 10-сынып оқушысы Шугайып Аяулым III орынға ие болды (педагог: Ховлан В), олимпиаданың қалған қатысушылары қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Білім алушылар мен мұғалімдерге қатысқандары үшін алғыс білдіреміз, оқуда табыс және конкурстарда одан әрі жеңістер тілейміз!

  • Общая оценка (0)

    0 из 5 баллов

    Добавить комментарий

    Комментировать как гость

    0
    • Комментариев нет