16Январь

Жансугуровские и Макатаевские

2024 жылдың 15 қаңтарында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық Жансүгіров және Мақатаев оқулары өткізілді. Байқауға барлығы 14 мектеп оқушылары қатысты.
Мақсаты: жалпы білім беретін мектеп окушылары арасында Ілияс Жансүгіров пен Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау; жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылык қабілеттерін, эстетикалык талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау.
Аудандық Жансүгіров оқулары үш номинация бойынша өткізілді: "Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері", "Ұлы тұлғаға арнау", "Ілияс-сөз шебері".
Байқау қорытындысы бойынша "Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері" номинациясы бойынша 1 орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 10-сынып оқушысы Елтабар Жаңыл (педагог: Паней С.), 2 орынды Успенов ЖББМ 9-сынып оқушысы Ерден Ақерке(педагог: Тиловай Э.) иеленді. "Ұлы тұлғаға арнау" номинациясында 1 орынды Успенов ЖББМ 8-сынып оқушысы Талант Гүлназ (педагог:Ховлан В.), 2 орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 8-сынып оқушысы Талғатбекқызы Еңлік (педагог: Әжіхан Е.Қ.) иеленді. "Ілияс - сөз шебері" номинациясы бойынша 1 орынды Успенов ЖББМ 8-сынып оқушысы Шугайып Жалғас иеленді(педагог: Ховлан В.)
Аудандық Мақатаев оқулары үш номинация бойынша өткізілді: "Айтып өткен ақында арман бар ма?", "Жыр эстафетасы", " Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...»
Байқау қорытындысы бойынша "Айтып өткен ақында арман бар ма?" номинациясы бойынша 1 орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 10-сынып оқушысы Шынуар Назым иеленді (педагог: Паней С.), 2 орынды Успенов ЖББМ 9-сынып оқушысы Шугайып Аяулым (педагог: Ховлан В.) және Успенов ЖББМ 8-сынып оқушысы Жанболат Гүлсұм(педагог: Ховлан В.), 3 орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 11-сынып оқушысы Алдаберген Данияр(педагог: Паней С.) және Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 8-сынып оқушысы Манарбек Аяулым иеленді(педагог: Әжіхан Е.Қ.).
Іс-шараның барлық қатысушылары мадақтамалармен марапатталды. Оқушылар мен педагогтарды байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз!!!

  • Общая оценка (0)

    0 из 5 баллов

    Добавить комментарий

    Комментировать как гость

    0
    • Комментариев нет