12Май

Жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушылары арасында «Мағжандай ақын боламын мен...» атты мәнерлеп оқу аудандық байқауының қорытындысы

Мағжан Жұмабаевтің 130-жылдығына орай жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушылары арасында 2023 жылдың 12 мамырда «Мағжандай ақын боламын мен...» атты мәнерлеп оқу аудандық байқауы өткізілді.
Байқауға ауданның 8 мектебінен барлығы 14 оқушы қатысты. Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және есімін ұлықтау; Мағжан Жұмабаев шығармашылығы арқылы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Воронеж жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Рахимова Зарина (педагог:Абдуахитова Г.А.), Баннов жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Байназаров Тимур (педагог: Танатова А.К.) иеленді.
2 орынды Қоржынкөл жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Атепилова Анель (педагог:Успанова А.Т.), Минск негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушысы Сермагамбетов Шыңғыс (педагог: Алтаева А.К.), Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Назарчук Милана (педагог: Нуржанова Б.Т.), Кеңарал жалпы білім беретін мектебінің 7- сынып оқушысы Истыбаева Алтынай (педагог: Жакубекова Г.Ж.) иеленді.
3 орынды Минск негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушылары Абдуллина Камила, Андреева Лилия, Сермагамбетов Шыңғыс (педагог:Алтаева А.К.), Кеңарал жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Галеев Абзал (педагог:Валеева З.С.) иеленді.
Аудандық іс-шараның барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.

Screenshot 2023-05-25 at 15-49-43 Федоров ауданының білім бөлімі ОО Федоровского р

  • Общая оценка (0)

    0 из 5 баллов

    Добавить комментарий

    Комментировать как гость

    0
    • Комментариев нет