- Комментариев нет
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әдістемелік орталығы" КММ жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған "Заманауи ұрпақты ауызекі тілде оқытуда сыни ойлау қабілетін дамыту" тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті.
Облыстық іс-шараға Федоров ауданы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Паней С., Федоров ауданы білім бөлімінің М. Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ердасова А.К. қатысты.
Семинар жұмысында коучингтер, жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша шеберлік сыныптары, креативтілік пен рефлексияны дамыту, коммуникативтілікке тәрбиелеу бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
Добавить комментарий
Авторизуйтесь для комментирования
Комментировать как гость