- Комментариев нет
Бүгін, 5 қазанда «Жастар» аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты-биік!» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.
Мәдениет үйінің фойесінде мереке атмосферасы сезіледі: ұстаздар жүзінде күлімсіреу, телефондары туыстары мен достарының құттықтауларынан үзілмейді, әсем әуен естіледі, «Ұстаздық-ұлы қызмет» фотокөрмесі ұйымдастырылған", көрермендер залында «Ұстаздар, Сізге деген үлкен махаббатпен!» атауында видеосюжеттер көрсетілуде.
Ауданның барлық мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен: аудан әкімі Исабаев Тауба Каиржанович, білім бөлімінің басшысы Бектыбаева Динара Абдикаримовна құттықтады.
Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен таңдаған ісіне адалдығы үшін үздік ұстаздар, педагогикалық еңбек ардагерлері аудан әкімінің, «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Федоров ауданының білім бөлімі», «Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Добавить комментарий
Авторизуйтесь для комментирования
Комментировать как гость