- Комментариев нет
25 мамырда директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, "Федоров санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ мамандары, Федоров ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі, Федоров ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы қатысуымен 2023 жылы жазғы сауықтыру компаниясына дайындық туралы аудандық семинар өткізілді.
Жұмыс барысында Кеңарал және Абай атындағы жалпы білім беретін мектептер директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жазғы кезеңде мектеп жанындағы лагерьлерде оқушылардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жұмыстарының қызықты түрлерімен бөлісті.
Семинарда жазғы демалысты ұйымдастыру, балаларды сауықтыру, жұмыспен қамту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірленіп, қабылданды.
Добавить комментарий
Авторизуйтесь для комментирования
Комментировать как гость