11Октябрь

Менің кіші Отаным

9-10 сынып білім алушылары үшін
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың
республикалық зияткерлік конкурсының
аудандық кезеңінің қорытындысы туралы

2023 жылдың 10 қазанында 9-10 сынып оқушыларына арналған "Менің кіші Отаным" жас тарихшылардың республикалық зияткерлік конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Конкурсқа ауданның 12 мектебінен барлығы 19 оқушы қатысты. Конкурстың мақсаты: туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құңдылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау.
Конкурстың қорытынды кезеңі екі тур бойынша өткізілді: І тур - Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеу, ІІ тур - 4 номинация бойынша: «Менің шағын Отанымның тарихы», «Шағын Отанымның символы», «Менің шағын Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем».
Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды М.Мәметова атындағы ЖББМ 9-сынып оқушысы Бодопрост Ульяна (педагог: Бижанова Н. Т.), Ы Алтынсарина атындағы ЖББМ 9-сынып оқушысы Қабден Арайлым (педагог: Ануар Б.), Абай атындағы ЖББМ 9-сынып оқушысы Каюмова Виктория (педагог:Панкрац В.И.), М.Мәметова атындағы ЖББМ 10-сынып оқушысы Исабаева Дарина (педагог: Исабаева А.С.), Успенов ЖББМ 10-сынып оқушысы Шугайып Аяулым (педагог: Сағынған А), М. Мәметова атындағы ЖББМ 10-сынып оқушысы Гагина Евгения (педагог: Исабаева А.С.), Баннов ЖББМ 10-сынып оқушысы Аубакиров Тәуекел (педагог: Қалиев А.К.). иеленді.
2 орынды Первомай ЖББМ 9 сынып оқушысы Марусич Анастасия (педагог: Есиналинова А.К.), Қоржынкөл ЖББМ 9-сынып оқушысы Атепилева Анель (педагог: Тарасова И.В.), Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 10-сынып оқушысы Елтабар Жаңыл (педагог: Ануар Б.), Воронеж ЖББМ 10-сынып оқушысы Скрипнюк Амина (педагог: Умертаева А.А.), 3 орынды М.Мәметова атындағы ЖББМ 9-сынып оқушысы Ермаков Максим (педагог: Бижанова Н. Т.) иеленді.
Аудандық іс-шараның барлық қатысушылары грамоталармен марапатталды.
Оқушылар мен педагогтарды байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз!!!

  • Общая оценка (0)

    0 из 5 баллов

    Добавить комментарий

    Комментировать как гость

    0
    • Комментариев нет