01Ноябрь

Менің кіші Отаным Моя малая Родина

Жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" республикалық зияткерлік конкурсының қорытындысы туралы.                 2023 жылдың 29 қазан мен 1 қараша аралығында Ақтөбе қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" VI республикалық зияткерлік конкурсы өтті.    Конкурстың мақсаты - туған ел  тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау,  өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ, оқушылардың өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша білімдерін дамыту, өзінің кіші Отанын мақтан тұтуға тәрбиелеу. Республикалық кезеңде еліміздің барлық өнерлерінен 9-10 сыныптардың 88 оқушысы үздік атану үшін сайысты.                                Қостанай облысының атынан Джумадилова Эвелина (Александров ЖББМ, Қостанай ауданы, 10-сынып), Ербатыр Дидар (Арқалық қаласының Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, 10-сынып), Байжанова Ұрқия (Қостанай қаласының #3 мектеп - гимназиясы, 9 - сынып), Гагина Евгения (М. Мәметова атындағы ЖББМ, 10-сынып) сынға түсті.                                              Ербатыр Дидар "Менің кіші Отанымның болашағы" номинациясы бойынша  III орынды иеленді, сондай-ақ Байжанова Ұрқия "Дарын" РҒПО грамотасымен марапатталды.   Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және "Дарын" РҒПО бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталды.

WhatsApp Image 2023-10-31 at 21.53.09WhatsApp Image 2023-10-31 at 21.53.10

  • Общая оценка (0)

    0 из 5 баллов

    Добавить комментарий

    Комментировать как гость

    0
    • Комментариев нет