- Комментариев нет
Мақсаты аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету болып табылатын "Мектепке жол" қайырымдылық акциясын өткізу жақсы дәстүрге айналды.
Енді мұқтаж адамдарға материалдық көмек көрсету процесі осы акцияны өткізу кезеңімен шектелмей, бір жыл бойы жалғасатын болады.
2019 жылғы 24 шілдеде осы акция шеңберінде "Менің Атамекенім" порталында "Мектепке жол" платформасының ресми іске қосылуы өтті, онда мұқтаж ата-аналар өтінім қалдыра алады (сілтеме atamekenim.kz).
"Менің Атамекенім" порталындағы "Мектепке жол" платформасы — бұл халықтың туындаған әлеуметтік проблемаларына тез әрекет етуге, қаражаттың онлайн түсуі мен пайдаланылуын қадағалауға мүмкіндік беретін ыңғайлы және ашық жүйе.
Айта кету керек, "Мектепке жол" акциясы аясында тілек білдірушілер білім беру органдары мен ұйымдары арқылы дәстүрлі түрде көмек көрсете алады.
Акция 1 қыркүйекте барлық балалар жаңа оқу жылына дайын болуы үшін аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мектепке дайындық бойынша көмекке мұқтаж балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге, оларға қажетті оқу құралдарын, киім-кешек пен аяқ киім сатып алуға бағытталған.
2022 жыл-балалар жылы деп жарияланды, сондықтан барлық немқұрайлы емес тұрғындарға мұқтаж балаларға қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырамыз!
«Федоров ауданы білім бөлімі» ММ
Добавить комментарий
Авторизуйтесь для комментирования
Комментировать как гость