06Март

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы

2022 жылғы 22 желтоқсанда қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аудандық, қалалық қауымдастықтарының әдістемелік турнирі өткізілді. Іс-шара онлайн форматта өтті.
Әдістемелік турнирдің іріктеу кезеңінен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің 5 қауымдастығы облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды.
Соңғы кезең екі тапсырмадан тұрды. Бірінші тапсырмада топ қатысушылары өздерінің визит карточкаларын ұсынды, онда қауымдастықтардың білім беру бастамалары мен тәжірибелерінің педагогикалық сенімі мен тиімділігін білдірді. Екінші тапсырмада Қауымдастық мүшелері кәсіби шеберліктерін көрсете отырып, шеберлік сынып көрсетті.
Сарапшылар тобының комиссиясы қауымдастық педагогтарының материалдарын ереже критерийлері бойынша бағалап, қорытынды шешім шығарды.
Әдістемелік турнирдің қорытындысы келесідей шығарылды:
- 1 орын-Рудный қаласының Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы;
- 2 орын-Қостанай ауданының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы;
- 3 орын-Қостанай қаласының Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы;
Номинациялар:
"Креативные" - Арқалық қаласының Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы;
"Білім көшбасшы" - Калиева Гүлзира Кеңесбайқызы, ҚОӘББ "Федоров ауданының білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жетекшісі.
Байқау жеңімпаздары грамоталармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  • Общая оценка (0)

    0 из 5 баллов

    Добавить комментарий

    Комментировать как гость

    0
    • Комментариев нет