- Комментариев нет
2023 жылы 24 қаңтарда көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту және оның өскелең ұрпаққа көркемдік білім берудегі, эстетикалық тәрбиедегі рөлін күшейту мақсатында көркемөнерпаздар театр және хореографиялық ұжымдар арасында аудандық "Армандастар" балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы өткізілді.
Байқауға 8 театр және 6 хореографиялық ұжым қатысты. Қазылар алқасының алдында қарапайым міндет тұрған жоқ. Байқау шарттары қатаң. Үздік театр және хореографиялық ұжымдардың ішінен облыстық фестивальге қатысу үшін бір ғана ұжымды таңдау керек болды. Аудандық фестиваль-конкурс қорытындысы бойынша төрешілер алқасы жүлделі орындарды (1,2,3), номинация жеңімпаздарын анықтады.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Федоров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің грамоталарымен марапатталды:
1 орын - балалар шығармашылығы үйінің "Жаным" хореографиялық ұжымы және "Сказка" театр студиясы;
2 орын- балалар өнер мектебінің "Гүлдер-Ай" хореографиялық ұжымы және "Aigolek" қуыршақ театры;
3 орын - балалар шығармашылығы үйінің "Krita team" хореографиялық ұжымы және "Мозаика" театр үйірмесі.
номинациялар бойынша:
1)" Үздік хореографиялық қойылым "- Баннов мектебінің "Ару-Наз " хореографиялық ұжымы;
2)"Үздік хореографиялық қойылым"- балалар шығармашылығы үйінің "Жаным" хореографиялық ұжымы;
3)"Би қойылымның ерекшілігі үшін"-Первомай мектебінің "Непоседа" хореографиялық ұжымы;
4)" Сахналық шеберлік үшін "- балалар шығармашылығы үйінің "Танцевальный салют" хореографиялық ұжымы,
5.) "Образдың үздік актерлік бейнесі" - балалар шығармашылығы үйінің "Арлекино" театр студиясы,
6)"Үздік әйел рөлі "- Ы.Алтынсарин жалпы білім беретін мектептің "Таңшолпан " театр ұжымы.
7)"Үздік ер адам рөлі "- балалар шығармашылығы үйінің "Қызыл желкендер" театр ұжымы,
8)"Көркем сөз "- Костряков мектебінің "Маска" театр ұжымы.
Федоров ауданы білім бөлімінің грамоталарымен балалар шығармашылығы фестиваль-конкурсының жүлдегерлерін дайындаған театр және хореографиялық ұжымдардың жетекшілері (1,2,3 орын), Балалар шығармашылығы үйінің қосымша білім беру педагогтары: Кленина Любовь Александровна, Боровкова Татьяна Валерьевна, Клочко Надежда Федоровна, Левит Татьяна Алексеевна, Тимофеенко Алия Темербековна, Хамитова Гүлмира Дүйсенбайқызы – балалар өнер мектебінің қосымша білім беру педагогы марапатталды.
2023 жылы 9 ақпанда Қостанай қаласында көркемөнерпаздар театр және хореографиялық ұжымдар арасында "Армандастар" балалар шығармашылығының облыстық фестиваль-конкурсына қатысу үшін:
балалар шығармашылығы үйінің "Жаным" хореографиялық ұжымы және "Сказка" театр студиясы жіберіледі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!
Добавить комментарий
Авторизуйтесь для комментирования
Комментировать как гость