26Январь

2023 жылғы 25 қаңтарда жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында облыстық Жансүгіров және Мақатаев оқулары өткізілді

2023 жылғы 25 қаңтарда жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында облыстық Жансүгіров және Мақатаев оқулары өткізілді. Мақсаты: жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров пен Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын дәріптеу; жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, таланттарын анықтау.
Ауданымыздан облыстық Жансүгіров және Мақатаев оқуларына 3 оқушы қатысты: Елтабар Жаңыл (Ы. Алтынсарин атындағы ЖББМ), Тілекберген Арайлым, Шұғайып Аяулым (Успенов ЖББМ)
Байқау қорытындысы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Елтабар Жаңыл III орынға ие болды (мұғалім: Әжіхан Еламан Құлмаханбетұлы), қалған білім алушылар қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Білім алушылар мен педагогтарға қатысқандары үшін алғыс білдіреміз, оқуда сәттілік және конкурстарда одан әрі жеңістер тілейміз!

апваыпвыапы

  • Общая оценка (0)

    0 из 5 баллов

    Добавить комментарий

    Комментировать как гость

    0
    • Комментариев нет