19Июль

19

2022 жылдың 18 шілдеде ҚОӘББ "ФАББ Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобасының жол картасын жүзеге асыру аясында семинар өткізілді. Оған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, мектеп психологтары және ата-аналар қоғамдастығы қатысты.
Спикерлер:
🔸 Сүндетбаева Гүлжамиля Мұратқызы - "Ұлы дала ұрпақтары" ҚБ төрайым орынбасары, Қостанай облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі.
🔸 Зуев Игорь Александрович - тәжірибелі психолог, "Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы"ҚҚ кеңесінің төрағасы.
🔸 Алпысбаева Гүлжан Жақсылыққызы-Аналар кеңесінің мүшесі, "Сенімен Болашақ" РҚБ Қостанай облыстық филиалының басшысы.
🔸 Мнайдарова Збайра - "Сенімен Болашақ" РҚБ ҚОФ психологі.
🔸 Берликешева Нұргүл Муралқызы - Федоров аудандық сотының төрайымы.
🔸 Боранбаева Мирамгуль Елемисовна-Федоров ауданы білім бөлімінің әдіскер - психологі.
Семинар барысында отбасының рөлін қалыптастыру, қазіргі заманғы отбасы мәселелері және некені бұзудың өсу үрдістері, отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, ата-аналармен жеке әңгімелесулер өткізілді және барлық қатысушыларға жадынамалар таратылды.

3ykZHIQZdNyBbGPWwzUG01qG7yemEtZwEVjPEU9YosAynKxkyK98GZ5RTmXpzZldKM59qtNja7JSOAnGAvtntgmO

  • Общая оценка (0)

    0 из 5 баллов

    Добавить комментарий

    Комментировать как гость

    0
    • Комментариев нет